Otpan News Logo

«Мейірім жәрмеңкесі»: Ақтауда тұрғындар психолог пен заңгерлерден тегін кеңес алып жатыр

|
28.11.2026 12:01
«Мейірім жәрмеңкесі»: Ақтауда тұрғындар психолог пен заңгерлерден тегін кеңес алып жатыр

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда өтіп жатқан «Мейірім жәрмеңкесі» қоғамдық-ағартушылық іс-шарасы аясында тұрғындар түрлі сала мамандарынан тегін кеңес алуда.


Жәрмеңкеге психолог, заңгер, теолог, медиатор, репродуктолог және гинеколог мамандары қатысып, келушілерді толғандырған сұрақтарға жауап беруде. Сонымен қатар дағдарыс және отбасын қолдау орталықтарының өкілдері де тұрғындарға қажетті бағыт-бағдар көрсетіп жатыр.


Іс-шара барысында психологиялық көмекке жүгінген тұрғындар да аз емес. Мамандар жеке кеңес беріп қана қоймай, келушілерге экспресс-тест өткізіп, олардың эмоционалдық жағдайын бағалауда.


«Біз мұнда әріптестерімізбен бірге кеңес беріп, психологияға қатысты сұрақтарға жауап беру үшін келдік. Келушілердің қатары көп. Бүгін таңертеңнен бері алты-жеті адамға кеңес бердік. Атап айтқанда, күйзеліске түскен бір апамыз келіп, көмек сұрады. Оған жеке кеңес беріп, қысқаша экспресс-тест өткіздік. Күйзеліс деңгейі жоғары болғандықтан, орталығымыздың мамандарына жүгінуге кеңес бердім», – деді «ОПДО» ШЖК МКК маманы Сәуле Табышова.

3
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!