Түпқараған ауданында өнер және кітапхана саласының қызметкерлерімен кездесу өтті
«Әділет» партиясының Түпқараған аудандық сайлауалды штабының мүшелері аудандық өнер мектебі мен кітапхана ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндіріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бастамаларға тоқталды.
Мәдениет пен өнер саласын дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас таланттарды қолдау және өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін арттыру – қоғамның рухани дамуының маңызды бағыттарының бірі.
Осы орайда ауылдық жерлердегі мәдениет және өнер мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, кітапхана қызметін цифрландыру, балалардың шығармашылық білім алуына қолайлы жағдай жасау ерекше маңызға ие.
Сонымен қатар кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастардың зияткерлік қабілетін дамыту және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда өнер мектебі мен кітапхана қызметкерлерінің еңбегі зор.
Кездесу барысында ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ штаб мүшелері 29 қарашада өтетін қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы ақпарат берді.
Ашық диалог форматында өткен жүздесу сала мамандарының ұсыныстарын тыңдауға, мәдениет пен өнерді дамытуға қатысты пікір алмасуға мүмкіндік берді.