Otpan News Logo

Жаңаөзенде мәслихат депутаттығына кандидаттар ардагерлермен кездесті

|
27.11.2026 19:36
Жаңаөзенде мәслихат депутаттығына кандидаттар ардагерлермен кездесті

Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Ардагерлер үйінде қала және ауыл ардагерлерімен кездесу өткізді.


Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары талқыланып, «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы ақпарат берілді.


Жиында аға буын өкілдерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелеріне назар аударылды.


– Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ел дамуына қосқан еңбегі – кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Аға буын өкілдерінің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, сапалы медициналық қызмет алуына және қоғам өміріне белсенді араласуына қолайлы жағдай жасау маңызды. Сонымен қатар ардагерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өңірдің дамуына қатысты мәселелерді бірлесе талқылаудың маңызы зор, - деді Тимур Мусаев.


Кездесу барысында ардагерлер еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен тарихи кезеңдеріне тоқталып, бейбітшілік, бірлік пен ынтымақтың қоғам дамуындағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ жастардың болашағы, аға буынның әл-ауқаты және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.


Жиында ардагер Хожабай Есімов жүрекжарды өлеңін оқып, қатысушылар ізгі тілектері мен аманаттарын жеткізді.


Кездесу соңында ардагерлер елдің тыныштығы мен халықтың амандығын тілеп, алдағы сайлауға қатысатын кандидаттарға сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.


Жүздесу барысында кандидаттар аға буын өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.



Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!