Otpan News Logo

«Мейірім жәрмеңкесінде» қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы таныстырылды

|
28.11.2026 11:45
«Мейірім жәрмеңкесінде» қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы таныстырылды

OTPANNEWS.KZ – Ә. Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайы киіз үй интерьерімен арнайы көрме ұйымдастырды. Мұнда қазақ халқының XIX–XX ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін этнографиялық жәдігерлер ұсынылды.


«Көрме аясында арнайы киіз үй бұрышын құрдық. Мұнда қазақтың ұлттық киімдері, күнделікті тұрмыста пайдаланған заттары мен дәстүрлі қолөнер бұйымдары қойылды. Әрбір жәдігер өткен дәуірдегі халықтың өмір салты, тұрмыстық мәдениеті мен ұлттық құндылықтарынан хабар береді. Экспозициядан қазақтың дәстүрлі киім үлгілерімен қатар, ағаштан жасалған тұрмыстық бұйымдарды да көруге болады. Олардың қатарында ою-өрнекпен безендірілген жүк аяқ секілді жиһаз түрлері бар. Мұндай бұйымдар үй ішін жабдықтауда әрі көрпе-жастықты жинақы орналастыруда қолданылған»,- деді Ә. Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайының жалпы тарих бөлімінің этнография саласы бойынша маманы Марина Амандықова. 


Көрмедегі жәдігерлер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс мәдениетінің көрінісі. Оларды тамашалау арқылы келушілер қазақ халқының күнделікті өмірі, қолөнер дәстүрі мен ұлттық мұрасының ерекшеліктерімен таныса алады.


Мұндай экспозициялар тарихи жәдігерлерді сақтап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа таныстыруға мүмкіндік береді.

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!