Түпқарағанда ІІ республикалық текемет басушылар байқауы өтті
OTPANNEWS.KZ. - Форт-Шевченко қаласының 180 жылдық мерейтойына орай ұлттық қолөнерімізді ұлықтаған ІІ республикалық текемет басушылар байқауы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Дәстүрлі текемет басу өнерін жаңғыртып, атадан балаға мирас болған құндылықты дәріптеуді мақсат еткен байқауға еліміздің Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Маңғыстау өңірінен келген таңдаулы шеберлер қатысты.
Шара барысында қолөнершілер арнайы байқау ережесіне сәйкес дайындаған текеметтерін таныстырды.
Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Өсер Тілепов құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнерді дәріптеуге үлес қосқан қатысушыларға алғысын білдірді. Әділқазылар алқасы шеберлердің еңбегі мен шеберлік деңгейін әділ бағалап, үздік деп танылған жеңімпаздарды арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.