Креативті жәрмеңкеде қандай өнімдер сұранысқа ие?
OTPANNEWS.KZ – Ақтаудағы «Достық үйінде» «Мейірім жәрмеңкесі» өтіп жатыр. Іс-шарада жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.
Креативті өнімдер жәрмеңкесінде қала тұрғындарының назары табиғи өнімдерге ауған. Мәселен олар таза былғарыдан және табиғи жүннен жасалған бұйымдарға сұраныс білдірді.
Бұдан бөлек кретивті жәрмеңкеге келуші жастар бисерден, моншақтан жасалған бұйымдарды сатып алуда.
«Қала тұрғындары табиғи тастардан жасалған бұйымдарға әрқашан қызығушылық танытады. Көрмеде сатуға сотуар, моншақ, білезік, сырға мен сақиналар алып келдім. Бұл бұйымдарды оқушылар да, жастар да, орта жастағы әйелдер мен әжелер де сатып алады»,- деді қолөнерші Эльмира Мергенова.
3
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев