Otpan News Logo

Ақтауда «Ұшқан ұя» шығармасының тәрбиелік мәні талқыланды

|
28.11.2026 17:24
Ақтауда «Ұшқан ұя» шығармасының тәрбиелік мәні талқыланды

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда «Мейірім жәрмеңкесі» аясында қазақтың даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына арналған әдеби кеш өтті.


Шараға өңірдің кітапсүйер қауымы, оқушылар, студенттер, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.


Кездесу барысында жазушының балалық шағы, өскен ортасы және оның тұлға болып қалыптасуына негіз болған ұлттық тәрбие мәселелері сөз болды. Қатысушылар шығармадағы оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстырып, отбасылық құндылықтар, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты.


«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының Маңғыстау облысы бойынша жобалық кеңсесінің жетекшісі Зейнеп Тастемірова әдеби кеш бірнеше бағытта ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділік танытқанын атап өтті.


Кешке қатысушылар «Ұшқан ұя» шығармасының ұрпақ тәрбиесіндегі орнын ерекше атап, туындының мейірімділік, әділдік пен бауырмалдық секілді адами құндылықтарды дәріптейтінін жеткізді.


Айта кетейік, әдеби кешті Маңғыстау облысы бойынша «Кітап оқитын ұлт» өңірлік жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!