Otpan News Logo

«Заң мен тәртіп»: Yessenov University-де құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған ауқымды шара өтті

|
30.04.2026 10:52
«Заң мен тәртіп»: Yessenov University-де құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған ауқымды шара өтті

Yessenov унирвеситетінде «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында студент жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мазмұнды іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары кездесудің басты мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталып отыр.


Іс-шара барысында студенттерге арнайы дайындалған қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған анимациялық роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, жастар арасында ұйымдастырылған анимациялық бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылып, үздік жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.


Кездесуге Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Сәкен Самет  және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Пердегүл Көбейсінова қатысып, студенттермен ашық пікір алмасты. Қонақтар өз сөздерінде заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде ой қозғады.


Шара барысында қатысушылар ұсынылған бейнематериалдар арқылы құқықтық тәртіптің қоғамдағы рөліне тереңірек үңіліп, өзара пікір алмасты. Әсіресе, анимациялық форматтағы жұмыстар жастардың креативті көзқарасын танытып, күрделі тақырыптарды жеңіл әрі түсінікті жеткізе білуімен ерекшеленді.


Байқау қорытындысы бойынша «Үздік кейіпкер дизайны» номинациясын Мехпара Хейдарова иеленсе, «Тақырыптың ең үздік ашылуы» аталымы Әсел Төрткөлбаеваға бұйырды. Ал «Үздік сценарий» номинациясында Дәулетияр Шихиев жеңімпаз атанса, «Үздік қысқаметражды бейнеролик» ретінде СабинаТурованың жұмысы үздік деп танылды.


Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталып, байқауға қатысқан өзге студенттер Маңғыстау облысы прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтіп, жастардың құқықтық мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!