Otpan News Logo

Маңғыстауда білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерлету мәселесі талқыланды

Маңғыстауда білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерлету мәселесі талқыланды

Маңғыстау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету мақсатында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерлету - білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз ету факторы» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Шараға Маңғыстау облысы білім басқармасының басшылығы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жетекшілері, оқу-әдістемелік орталықтардың басшылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.


Кездесудің негізгі мақсаты - құқықтық жүйені түсіндіру, білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру және қатысушылар арасында тәжірибе алмасу. Жиын қорытындысы бойынша саладағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешу және білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.


Жиында бірқатар мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Атап айтқанда, №35 мектеп директоры Любовь Нам «Жаңа Конституция және білім: сапалы, қолжетімді және әділ жүйені нығайту негізі» тақырыбында сөз сөйлеп, білім беру саласындағы реформалардың маңызын атап өтті. Облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы директорының орынбасары Талғат Өтебаев оқу үдерісіне Конституция құндылықтарын енгізу жолдарын ұсынды.


"Білім беру жүйесін сапалы ету біздер үшін үлкен жауапкершілік. Күн сайын мектепке келгенде оқушыларымыздың көзінен от пен білімге деген құштарлықты көреміз. Бұл бьіздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың дәлелі. Біздің мақсатымыз - оқушының тұрғылықты мекен-жайы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білім беру. Бұл міндетті ммлекет басшысы да өз сөзінде басып айтты. Заманауи мектеп тек білім беріп қана қоймай, үлкен тұлға қалыптастыруы керек. Сол жолда білім беру сапасын арттыра отырып, оқушылардың оқу-білімге деген ынтасын арттыру көздеп отырмыз",- деді №35 жалпы білім беретін мектептің директоры Любовь Нам.
44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!