Маңғыстау трассаларында санитарлық тораптар орнатылды
Маңғыстау облысында республикалық және туристік бағыттағы автомобиль жолдар бойында санитарлық-гигиеналық тораптар пайдалануға берілді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Қазіргі уақытта Бейнеу ауданы аумағындағы күре жолдың үш учаскесінде жылы санитарлық тораптары бар жол сервисі тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бұл нысандар Өзбекстан және Түрікменстан елдерімен шектесетін стратегиялық бағыттағы жол бойында орналасқан.
Санитарлық-гигиеналық тораптың біреуі Бейнеу–Сайөтес тас жолының 332-шақырымында, екеуі Бейнеу–Ақжігіт республикалық маңызы бар тас жолдың 22-ші және 85-ші шақырымында орналасқан. Бұл санитарлық-гигиеналық тораптар жол пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасайды: жылы әжетханалармен жабдықталған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы инфрақұрылым қарастырылған. Биыл тағы бірнеше орында осындай орындар жасақтауды жоспарлап отырмыз, – деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ филиалының бас маманы Ерлан Биялиев.
Мамандардың айтуынша, инфрақұрылымды кеңейту және санитарлық-гигиеналық тораптар санын арттыру – өңірдегі жол қауіпсіздігі мен қызмет сапасын жақсартудың маңызды бағыты.
90
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев