Otpan News Logo

Қазақстанда жануар иелеріне салынатын айыппұл көлемі күрт өседі: нені білу маңызды?

|
30.04.2026 16:27
Қазақстанда жануар иелеріне салынатын айыппұл көлемі күрт өседі: нені білу маңызды?
Фото: FEED ALL HOMELESS!❤️

Үкімет үй жануарларын асырау мәдениетін қатаң қолға алуды жоспарлап отыр. Экология вице-министрі Нұркен Шарбиев айыппұлдардың жаңа көлемін жариялады. Орташа есеппен алғанда, айыппұлдар 2,5 есеге өседі, деп хабарлайды otpannews.kz сайты informburo.kz-ке сілтеме жасап.


Негізгі өзгерістер:

Қатыгездік таныту (әкімшілік): Енді жануарға қатыгездік көрсеткені үшін бұрынғы 5 АЕК-тің орнына 30 АЕК (129 750 ₸) көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Лауазымды тұлғалар үшін бұл сома 50 АЕК-ті құрайды.


Далада қалдыру – жауапкершілікке тарту: 

Алғаш рет «жануардан бас тарту» үшін жауапкершілік енгізілуде. Егер үй жануарын баспанаға (приют) өткізбей, жай ғана далаға тастап кетсеңіз, жеке тұлғаларға 30 АЕК (129 750 ₸), ал компанияларға 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

 

Серуендету және асырау:

Жануарларды аулау, асырау немесе серуендету ережелерін бұзу 15 АЕК (64 875 ₸) сомасындағы шығынға әкеп соғады.


Ең қомақты айыппұлдар зиян келтіргені үшін салынады. Жануарды серуендету немесе асырау ережелерін бұзу салдарынан адамдардың денсаулығына немесе өзге біреудің мүлкіне зақым келсе, қатаң жаза қолданылады:

 Жеке тұлғалар үшін – 100 АЕК (432 500 ₸).

 Қайталап бұзған жағдайда – 150 АЕК-ке дейін.

 Заңды тұлғалар үшін – 400 АЕК-ке дейін (1,7 млн ₸).


Басты мақсат – көшелерде тәртіп орнату және үй жануарларының иелерін өз питомцылары үшін жауапкершілікті сезінуге мәжбүрлеу.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!