Otpan News Logo

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жаңа директор тағайындалды

|
28.04.2026 09:57
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жаңа директор тағайындалды

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы болып Жанар Досжанова тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Жанар Есенғалиқызы еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында инфекционист дәрігер болып бастады.


2011–2014 жылдары Маңғыстау облыстық жұқпалы балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.


2014–2017 жылдары Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы директорының орынбасары болды.


2017–2018 жылдары Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит дәрігер-сарапшысы қызметін атқарды, 2018–2019 жылдары директордың босандыру қызметі жөніндегі орынбасары болды.


2019 жылдан бері Мұнайлы аудандық ауруханасының директоры қызметін атқарып келді.

170
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!