Otpan News Logo

Ақтауда «Бірлік пен келісім - басты құндылық» тақырыбында кездесу өтті

Ақтауда «Бірлік пен келісім - басты құндылық» тақырыбында кездесу өтті

Аталған іс-шараға өңірдегі этнос өкілдері қатысып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті арттыру мәселелері талқыланады. Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықтың маңыздылығына тоқталады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараның мақсаты - түрлі этнос өкілдері бірлік пен ынтымақты сақтай отырып, бірлесе жұмыс атқару. 


“Іс-шараға этномәденибірлестік өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Еліміздегі әрбір азамат бірлікке бекем болу керек. Этнобірлестік өкілдерінің арасындағы татулық пен ынтымақ біз үшін өте маңызды. Абай атамыз:”Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп”,- демекші кім болса да, қандай ұлт болса да бір тудың астында бірлікте өмір сүру басты қағидамыз”,- деді облыстық ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов
31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!