Otpan News Logo

Ақтаулық оқушылар республикалық «ProEco» конкурсында жеңіске жетті

|
30.04.2026 16:55
Ақтаулық оқушылар республикалық «ProEco» конкурсында жеңіске жетті

Астана қаласында өткен «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үздіктер қатарынан көрінді. 28–30 сәуір аралығында ұйымдастырылған ауқымды додада маңғыстаулық жас зияткерлер бір бірінші орын және үш үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша 7-сынып оқушысы Байтұрсын Балабай байқау жеңімпазы атанды. Оның жобасы инновациялық тәсілімен және шығармашылық ерекшелігімен қазылар алқасын таңғалдырды.


Жобаның негізгі идеясы – қазақ фольклоры мен заманауи жасанды интеллект технологияларын біріктіру. Жоба жетекшісі Сания Дауталиеваның айтуынша, оқушылар ертегі кейіпкерлері Таусоғар мен Көлтаусарды экологиялық сақшылар ретінде бейнелеген. Жасанды интеллект көмегімен жан бітірген бұл кейіпкерлер өңірдегі ең өзекті мәселелерді: Каспий итбалықтарының қырылуын, Маңғыстаудағы су тапшылығын шешуге бағытталған. 


Ақтаулық өзге де оқушылар әртүрлі номинациялар бойынша жүлделі ІІІ орындарға ие болып, өңір намысын биік деңгейде қорғады. Атап айтқанда, Еркеназ Озганбай 7-сынып – «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша, Нұрдәулет Абдураим (8-сынып) – «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша, Мансұр Мусиралиев (7-сынып) – «Үздік экологиялық бастама».

84
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!