Otpan News Logo

Маңғыстауда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында байқау өтеді

|
30.04.2026 10:56
Маңғыстауда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында байқау өтеді

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тіл мәдениетін дамыту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізетін облыстық байқауларға өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше,«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауы мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында 30 шілде күні өтеді. Сайысқа қатысу үшін өтінімдер 27 шілдеге дейін қабылданады. 


Ал «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілерінің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдері, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер, сондай-ақ заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар арасында 21 тамыз күні өтеді. Өтінімдер 17 тамызға дейін қабылданады.


«Тіл шебері» байқауы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында 29 шілдеде ұйымдастырылады, өтінімдер 24 шілдеге дейін қабылданады.


Байқауларға қатысу ережелері мен қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:

+7 292 30-12-78

+7 747 616-71-92

+7 702 635-80-80

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!