Otpan News Logo

Маңғыстауда “емші” науқасты емдеймін деп, буындырып өлтірді

|
30.04.2026 16:57
Маңғыстауда “емші” науқасты емдеймін деп, буындырып өлтірді

Маңғыстау облысында лицензиясыз емшілікпен айналысып, адам өліміне себепкер болған емші жазасын сот арқылы жеңілдетті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Оқиғаның мән-жайына сүйенсек, Ақтау қаласындағы №1 емханада медбике болып жұмыс істеген 49 жастағы әйел тиісті рұқсат құжаттары болмаса да, Мұнайлы ауданындағы өз үйінде келушілерге «халық емін» жасаумен айналысқан. 2025 жылдың 26 қарашасында кезекті емдеу шарасы қайғылы жағдаймен аяқталған. «Емші» ер адамның тамағын қолымен қысып қалғанда, жәбірленуші оқиға орнында тіл тартпай кеткен.


Бастапқыда Мұнайлы аудандық соты әйелді 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Алайда, оның асырауында кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу уақыты кейінге қалдырылды. 


Кейінірек сотталушының қорғаушылары апелляциялық шағым түсіріп, айыпталушының кінәсін толық мойындағанын, жәбірленуші тараптың кешірім бергенін және қылмыстың «жеңіл» санатқа жататынын алға тартты.


Маңғыстау облыстық соты осы мән-жайларды ескере отырып, үкімді өзгертті. Жаңа шешім бойынша, бас бостандығынан айыру жазасы дәл сондай мерзімге, яғни 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Енді сотталған әйел пробациялық бақылауда болады.


“Сот үкімімен оған емшілік қызметпен айналысуға үзілді-кесілді тыйым салынды. Сонымен қатар ол тұрғылықты жері мен жұмысын ауыстырғанда құзырлы органдарды хабардар етуі тиіс. Оған қоса, түнгі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін үйден шығуға, ойын-сауық орындары мен алкогольдік ішімдік сатылатын нысандарға баруға шектеу қойылды”,- делінген сот хабарламасында.
82
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!