Otpan News Logo

Маңғыстауда мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында 50 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

|
30.04.2026 16:41
Маңғыстауда мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында 50 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамада «Азаматтардың мүддесінде жүзеге асырылатын және қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтитын мемлекеттік қызметшілер қызметінің ерекшелігі олардың ерекше рөлін айқындайтындығы» - көрсетілген. Сондықтан оның тиімділігіне кедергі келтіруі және теріс әсер етуі мүмкін мемлекеттік қызметшінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу оның жеке құқықтары мен бостандықтарына ғана емес, азаматтар мен қоғамның мүдделеріне де әсер етеді.


Мемлекеттік қызметшінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін әрекеттер ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың демотивациясына және құлдырауына, сәйкесінше, бұл мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әкеледі.

Осыған орай, Агенттіктің ең негізгі қызметтерінің бірі мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін қорғау және құқықтары бұзылған мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.


Маңғыстау облысында 2026 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша аумақтық Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағыты бойынша 59 арыз-шағым қаралып, арыз-шағымдарды қарау нәтижесінде 5 расталған уәждері бойынша азамат пен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында тиісті шешімдер қабылданды.


Департаменттің бақылау бағытында мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтардың арыздары бойынша 7 жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу арқылы қаралды.


Соның ішінде арыз шағымдарды қарау нәтижесімен 2026 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша 3 мемлекеттік қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді.


Атап айтқанда, Қ есімді мемлекеттік қызметшінің Маңғыстау облысының Әділет департаментіне қатысты еңбек демалысын беруге қатысты келтірген шағымы бойынша Әділет департаментіне тексеру нәтижесімен «Мемлекеттік қызметшілерге демалысын ұсыну кезінде талаптарды сақтау» бойынша ұсыну енгізіліп, ұсыну негізінде Қ есімді қызметшіге еңбек демалысы беріліп, құқығы қорғалды.

Маңғыстау облысы әкімдігіне қарасты ақпарат және қоғамдық даму басқармасында С есімді мемлекеттік қызметшіге қолданылған тәртіптік жазаны, Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы қағиданың талаптары сақталмағандығына қатысты қолданылған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны алып тастау туралы ұсыну енгізіліп, мемлекеттік қызметшіге қолданылған тәртіптік жазасы алынып тасталды.


Сондай-ақ, Г есімді мемлекеттік қызметшінің өзіне қатысты жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрықтың мерзімінде рәсімделмегеніне байланысты туындаған мәселесі бойынша Маңғыстау облысының Мемлекеттік кірістер департаментімен Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары сақталмағандығы анықталып, мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды.


Оған қоса, мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша, Мемлекеттік қызметшілерді оқыту (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру) тәртібі мен мерзімдерін сақтау бойынша 26 бұзушылық анықталып нәтижесімен 26 мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша 2026 жылдың жоспарына қосу туралы ұсыну енгізіліп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды.


Сонымен қатар, аумақтық департамент мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына қатысты мониторинг жұмыстарын жүзеге асырады. 2026 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша бақылау бағытында барлығы 9 мониторинг жұмыстары жүзеге асырылды. Оның ішінде бару арқылы 8, қашықтықтан 1 мониторинг жұмыстары жүргізілді.


Жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша қашықтықтан жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша 21 бұзушылық анықталып, 16 мемлекеттік қызметшіге 326 тынығу сағаттары және 5 мемлекеттік қызметшіге икемді жұмыс уақыты режимі белгіленді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларының сақталуын бақылау Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басты назарында.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша

департаменті басшысының орынбасары

Қ.Әділханов

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!