Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынды
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясында баяндады. Мемлекет басшысы аталған мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталып өткен еді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Мұндай шара әлемнің көптеген елінде қабылданып келеді. Президент осы бастаманы қолдайтынын айтып, осы жұмысқа баса назар аудару қажет деп санайтынын жеткізді.
«Бірақ тиісті заңды қабылдасақ, оны толығымен жүзеге асыру мәселесін ойлауымыз керек, себебі, қауқарсыз заң ешкімге қажет емес. Энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын да тездетіп қарастыру маңызды. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарға айрықша назар аудару керек. Ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет»,- деді Президент.
67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев