Otpan News Logo

Қасым-Жомарт Тоқаев: Депутаттар бірінші сессияда бірқатар маңызды заңдарды қабылдауы қажет

|
28.08.2026 11:44
Қасым-Жомарт Тоқаев: Депутаттар бірінші сессияда бірқатар маңызды заңдарды қабылдауы қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясында депутаттар бірінші сессияда бірқатар маңызды заңдарды қабылдауы қажет екенін атады, деп хабарлайды otpannews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


- Депутаттар бірінші сессияда бірқатар маңызды заңдарды қабылдауы қажет. Мен осы жылы жасанды интеллектіні орта білім беру саласына енгізу, цифрлық активтер индустриясын дамыту, Digital Qazaqstan стратегиясы туралы бірқатар Жарлық шығардым. Үкімет осы бағыттар бойынша қажетті заң жобаларын әзірлеп, Парламентке ұсынады, - деді Президент.

 

Мемлекет басшысы елімізде кәсіби тұрғыдан жоғары білікті мамандарды, заманауи технологияларды және шетел капиталын көптеп тарту үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанын да атап өтті. 


- Біз елімізге кәсіби тұрғыдан жоғары білікті мамандарды, заманауи технологияларды және шетел капиталын көптеп тарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл іске тың серпін беру үшін «Алтын визаны» енгізудің маңызы зор. Сонымен қатар еліміздің көші-қон саясатын жетілдіру қажет. Үкімет тиісті заң жобасын Құрылтайға жолдауы керек. Депутаттарымыз оны тезірек қарағаны жөн болар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 

Сондай-ақ Президент биыл Үкімет «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасын да әзірлеп, Құрылтайға енгізуін және «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу жөнінде берген тапсырмасының заңнамалық негізін қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!