Otpan News Logo

Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

|
24.08.2026 10:41
Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті ірі табысқа қол жеткізді. Ел намысын абыроймен қорғаған отандық спортшы Нұрдәулет Жарылғапов халықаралық додада жоғары дайындығын көрсетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Жарыс барысында Нұрдәулет жоғары шеберлік пен айрықша жігер танытты. Финалға дейінгі шешуші кездесулерде қарсыластарынан басым түсіп, сайыстың шешуші кезеңіне жолдама алды. Финалдық айқаста да соңғы секундқа дейін тартыс танытып, Әлем чемпионатының екінші сатысына көтерілді.

 

Айта кететін жайт, әлем чемпионатына 30-ға жуық елден 300-ден астам спортшы қатысып, екі күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер арасында барлығы 16 салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер анықталды.


22-23 тамыз күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы XII әлем чемпионаты Baku Sports Palace спорт кешенінде ұйымдастырылып, ерлер 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 кг, ал әйелдер 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77 және +77 кг салмақ дәрежелерінде белдесті.  


Чемпионатты United World Wrestling халықаралық ұйымының талаптарына сәйкес Qazaq Kuresi қауымдастығы мен Әзірбайжан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған болатын.

150
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!