Главная | Жаңалықтар
Әсемгүл Адамбай: «Shubat fest-2026» намыстан туған жоба»
Ақтауда өтіп жатқан «SHUBAT FEST-2026» республикалық гастрофестивалі туралы ұйымдастырушы Әсемгүл Адамбай пікір білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Астанада өткен «Бай қымыз»фестивалін көріп, шұбатқа неге көңіл бөлмейміз деген ой келді. Шынымды айтсам, намыстандым. Бұл намыстан туған жоба. Қатысушылардың ынтасы өте жақсы. Барлығы жоғары деңгейде дайындалған. Арық сөйлеп, семіз шықсам, алдағы 3 жылда Қазақстанның барлық дүкен сөрелерінде шұбат тұрады. Сайысқа жалпы саны 83 өтінім түсті. Оның ішінде: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан қалалары бар”,- деді ұйымдастырушы Әсемгүл Адамбай.
Айта кетейік, «SHUBAT FEST-2026» фестивалі – ұлттық сусын шұбатты кеңінен насихаттап қана қоймай, оның тарихи-мәдени маңызын дәріптейтін ауқымды жоба. Бүгін гала-фестивальде үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталады. Ал «Ең үздік шұбат» иесіне GWM Poer автокөлігі табысталады.
90
Басты жаңалықтар
Танымал
30.08.2026 16:01
29.08.2026 21:45
29.08.2026 20:40
29.08.2026 20:29
29.08.2026 20:23
29.08.2026 19:30
29.08.2026 19:00
28.08.2026 19:30
28.08.2026 18:30
28.08.2026 15:45
28.08.2026 15:13
28.08.2026 15:08
28.08.2026 15:05
28.08.2026 14:29
28.08.2026 12:38
28.08.2026 11:55
28.08.2026 11:54
28.08.2026 11:53
28.08.2026 11:47
28.08.2026 11:44
24.08.2026 10:41
24.08.2026 11:31
27.08.2026 16:11
28.08.2026 09:58
26.08.2026 15:42
26.08.2026 11:33
26.08.2026 10:19
26.08.2026 10:39
24.08.2026 17:00
27.08.2026 16:30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев