Otpan News Logo

Экологиялық бақылау: «Таза Жаңаөзен» кәсіпорны 432 500 теңге айыппұл арқалады

|
28.08.2026 09:58
Экологиялық бақылау: «Таза Жаңаөзен» кәсіпорны 432 500 теңге айыппұл арқалады
Фото: МО экология департаменті

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті "Таза Жаңаөзен" МКК жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Бұған себеп облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан экологиялық заңнама талаптарының сақталуын тексеру жөніндегі өтініш хаты негіз болған, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Төтеншеліктер жолдаған хабарламада, ағымдағы жылдың 29 шілде күні сағат 23:42 шамасында, Жаңаөзен қаласынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан жалпы аумағы 22 гектарды құрайтын «Таза Жаңаөзен» МКК теңгеріміндегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында көлемі 1500 шаршы метрді құрайтын өрт шыққаны жөнінде баяндалған.

 

Осыған орай, экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары полигонға барып санитарлық қорғау аймағынан тыс жерден сынама алды.

 

Атмосфералық ауа сынамаларының сынақ хаттамасына сәйкес, оксид азота, оксид углерод және метаннан рұқсат етілген концентрациядан асып кеткендігін көрсетті.

 

Сонымен қатар, ҚР Экологиялық Кодекстің 198-бабы 3-тармағына сәйкес, атмосфералық ауаның ластануы деп атмосфералық ауада мемлекет белгілеген атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерінен асатын деңгейлердегі концентрацияларда ластағыш заттардың немесе физикалық әсер етудің болуы түсініледі.

 

Антропогендік және табиғи факторлар нәтижесінде ластағыш заттардың, физикалық әсер етудің атмосфералық ауаға тарауы, сондай-ақ атмосфералық ауада болатын химиялық, физикалық және биологиялық процестердің нәтижесінде онда ластағыш заттардың түзілуі атмосфералық ауаны ластау көздері деп танылады.

 

Осылайша, тексеру қорытындысына сәйкес, «Таза Жаңаөзен» МКК әкімшілік жауапкершілікее тартылып, 432 500 теңге көлемінде айппұл салынды.

 

 

147
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!