Президент ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажеттігін айтты
Мемлекет басшысы Құрылтай қос палаталы Парламенттің депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
«Ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажет. Мен осы мәселе жөнінде Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы отырысында айттым. Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салу қажеттігін айтты. Ол сондай-ақ осы маңызды іс-шараға демеушілер де қатысады дер сенім білдірді.
«Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек. Бұл – мен үшін тұрақты ұстаным. Жалпы, біз өскелең ұрпақтың қолайлы және, ең бастысы, қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек»,- деді Президент.
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев