Otpan News Logo

Маңғыстауда донорлық процесс жүзеге асырылып, кезекте тұрған науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

|
26.08.2026 10:39
Маңғыстауда донорлық процесс жүзеге асырылып, кезекте тұрған науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 23 тамыз күні 1989 жылы туған әлеуетті донор анықталып, оның ми өлімі расталды. Республикалық транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен бұл маңызды донорлық процесс сәтті жүргізіліп, бір адамның өмірі сақталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Атқарылған жұмыстың нәтижесінде кезекте тұрған 1983 жылы туған науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды. 


Күрделі ота UMC Жүрек орталығында орындалды. Қазіргі таңда реципиенттің жағдайы операциядан кейінгі кезеңге сәйкес келіп, медицина мамандарының тұрақты бақылауында тұр.


«Мамандар осындай ауыр сәтте туыстарынан айырылса да, донорлыққа келісім берген отбасына айрықша алғыстарын білдірді. Бұл ізгі шешім басқа бір адамның өмірін жалғастыруға мүмкіндік берді»,- деді Республикалық транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының мамандары.
99
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!