Otpan News Logo

Qalqan жобасы 16 медициналық ұйымға артты

|
26.08.2026 15:42
Qalqan жобасы 16 медициналық ұйымға артты
Azh.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландырудың төрт негізгі бизнес-процесін: жоспарлау, сатып алу, мониторинг пен төлем жасауды кезең-кезеңімен Qalqan цифрлық сервисіне көшіруді жалғастыруда.


Медицина қызметкерлері бұрыннан қалыптасқан медициналық ақпараттық жүйелерде жұмысын ары қарай жалғастыра беретінін атап өту маңызды.


Qalqan көрсетілген медициналық көмек туралы қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады, деректерді қайтадан қолмен енгізу қажеттілігі жоқ, әрі медицина қызметкерлері емдеу жұмысынан алаңдамайды.


Бірінші кезеңде медициналық көмекке төлем жасау процесін цифрлық платформаға көшіру жүргізілуде.


Бүгінгі таңда Qalqan арқылы төлем жасаудың толық циклі Астана қаласының үш медициналық ұйымы базасында жүргізілді. Төленген медициналық көмектің жалпы сомасы 2,97 млрд теңгені құрады.


Медициналық көмектің 92 түрі мен кіші тармағының 20-сы бойынша төлем жасаудың толық циклі сынақтан өтті.


Тағы 60 түрі мен кіші тармағы бойынша 16 медициналық ұйым базасында пилоттық сынақ жалғасуда. Сынақтан өткізу аяқталуына қарай пилоттық жоба кезең-кезеңімен кеңейтіле береді.


Толығырақ https://msqory.kz/kk/press-tsentr/news/detail.php?ELEMENT_ID=536936

90
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!