Otpan News Logo

Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады

|
28.08.2026 11:55
Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталатынын айтты, деп хабарлайды otpannews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

 

- Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді», - деді Мемлекет басшысы.

90
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!