Otpan News Logo

Ақтауда «SHUBAT FEST-2026» республикалық гастрофестивальдің гала-финалы өтіп жатыр

|
29.08.2026 19:00
Ақтауда «SHUBAT FEST-2026» республикалық гастрофестивальдің гала-финалы өтіп жатыр

Фестивальде осы уақытқа дейін іріктелген үздік 20 шұбат өндіруші бас қосты. Енді қонақтар дауыс беру арқылы үздікті анықтайды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жеңімпаздар жалпыхалықтық дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс берушілер финалистердің өнімдерін дегустация жасайды.



Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ең үздік шұбат» номинациясының жеңімпазы үш жақты бағалау қорытындысы бойынша анықталады: халықтық дауыс беру - 20%, зертханалық сараптама - 40%, кәсіби жюри бағасы - 40%.


«SHUBAT FEST-2026»номинациясын жеңіп алған қатысушыға бас демеуші Astana Motors ұсынған жаңа GWM Poer автокөлігі табысталады.


Гала-фестиваль алаңында бұған дейін үздік атанған өзге номинациялар атап айтқанда, «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді балқаймақ», «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді құрт», «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді десерт», «Түйе сүті қосылған ең дәмді кофе», «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді балмұздақ», «Түйе сүті қосылған ең дәмді коктейль» номинацияларының иегерлері де өз өнімдерін ұсынуда.



Ұлттық тағам мәдениетін ұлықтайтын ерекше кеш Жігіттер квартеті, Рахымжан Жақайым, Жұбаныш Жексенұлы өнер көрсететін кешке ұласады.

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!