Otpan News Logo

Ақтауда «SHUBAT FEST-2026» республикалық гастрофестивалі өз мәресіне жетті

|
29.08.2026 21:45
Ақтауда «SHUBAT FEST-2026» республикалық гастрофестивалі өз мәресіне жетті

Ақтау қаласында ұлттық сусын мәдениетін ұлықтаған ауқымды «SHUBAT FEST-2026» республикалық гастрофестивалінің гала-финалы сәтті өтіп, жеңімпаздар анықталды. Сайыстың финалына осы уақытқа дейін іріктелген үздік 20 шұбат өндіруші қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Фестиваль барысында қала тұрғындары мен қонақтар финалистердің өнімдеріне дегустация жасап, жалпыхалықтық дауыс берді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Ең үздік шұбат» номинациясының жеңімпазы үш жақты бағалау қорытындысы бойынша анықталды: халықтық дауыс беру – 20%, зертханалық сараптама – 40%, ал кәсіби жюри бағасы – 40%.


Байқаудың қорытындысы бойынша «Ең үздік шұбат» номинациясы мен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:


Гран-При Astana Motors ұсынған жаңа GWM Poer автокөлігі «Бірлік» шаруа қожалығына табысталды. 

1-орын иегеріне 1 000 000 теңге «Толқын» шаруа қожалығы;

2-орын 700 000 теңге «Орынбасар» шаруа қожалығы;

3-орын 500 000 теңге «Нұр-Абыл» шаруа қожалығы;


Сондай-ақ гала-фестиваль алаңында бұған дейін іріктеліп, үздік атанған өзге де номинациялардың иегерлері өз өнімдерін көпшілікке таныстырды. Атап айтқанда:

«Ең үздік кофе» және «Ең үздік десерт» номинациялары бойынша жеңімпаз – Жаңаөзен қаласы, «Нар Мая» өнімдері («Бірлік» шаруа қожалығы).


«Ең үздік коктейль» және «Ең үздік балмұздақ» номинацияларының жеңімпазы – Жаңаөзен қаласы, «Nomad Shubat» («Исмагамбетов» шаруа қожалығы).


«Ең үздік құрт» номинациясы бойынша:

1-орын: Жаңаөзен қаласы, «Nar Qazyna» («Айтумыс» шаруа қожалығы);

2-орын: Жармыш ауылы, «Алдоңғар» шаруа қожалығы;

3-орын: Шетпе ауылы, «Aruana».


«Ең үздік балқаймақ» номинациясы бойынша:

1-орын: Қызылсу елді мекені, «Qyzylsu ауыл өнімдері»;

2-орын: Оңды ауылы, «Дала дәмі»;

3-орын: Қарақия ауданы, Сенек ауылы, «Ақ Мұра».

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!