Otpan News Logo

81 жастағы Тұрсын Бағдашқызы: «12 жасымнан түйе сауамын»

|
29.08.2026 20:29
81 жастағы Тұрсын Бағдашқызы: «12 жасымнан түйе сауамын»

Маңғыстау облысы, Бостан ауылы, Қарақұдық кеңшарынан келген Тұрсын Бағдашқызы 12 жасынан түйе сауады. Ол бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан «SHUBAT FEST-2026» республикалық гастрофестивальдің гала-финалында айтты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Тұрсын Аманқосова – 12 перзентті дүниеге әкелген ақ жаулықты әже. Оның шұбат дайындауда 70 жылдан астам тәжірибесі бар.


«Түйені сауу, ол сүттен шұбат жасау сияқты дүниенің бәрін анамнан үйрендім. Ол үнемі байыппен, асықпай жасау керек деп айтатын. «Әр ісіңді тазалықпен жаса, пейілің кең болсын»,- деп айтып отыратын. Анамнан үйренгенімнің барлығын бұлжытпай жасадым. Дастарханымнан ақ үзілген емес. Тіпті қарынға сүзбе де жасадым»,- дейді Тұрсын Аманқосова. 


Әжейдің үйіне қонақ болып келген әр жан оның сүзбесіне таңданады. Барлығы дайындалу әдісін сұрап, қызығушылық танытады. 


Тұрсын Бағдашқызы түйе сүтінен жасалған өнімдер көп дертке шипа болатын құнарлы тағам екенін де айтты. 


«Түйе – мінсең көлік, жесең – ет, ішсең – сусын. Дүкен сөрелерінде түрлі зат бар, бірақ олар таза, табиғи сүт өнімдерін алмастыра алмайды. Сондықтан адамдар шұбатты іздеп, ең жақсысын тұтынады»,- деді 81 жастағы Тұрсын әже.
55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!