Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

“TurkicSkills 2025”: Маңғыстау туризм колледжі 1 миллион теңге жеңіп алды

|
09.10.2025 16:31
“TurkicSkills 2025”: Маңғыстау туризм колледжі 1 миллион теңге жеңіп алды

Бүгін Ақтауда “TurkicSkills 2025” халықаралық чемпионаты қорытындыланды. Жарысқа Қазақстан атынан 10 студент қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Чемпионатта қатысушылар 10 бағыт бойынша бақ сынады. Қорытынды есеп бойынша Қазақстан құрамасы 6 алтын,2 күміс,1 «Үздік медальон» жеңіп алды.


Үш күнге созылған халықаралық “TurkicSkills 2025” кәсіби шеберлік чемпионатына барлығы 5000-ға жуық қонақ келген. Олардың қатарында студенттер мен педагогтер, колледж директорлары, жұмыс берушілер және сарапшылар болды.


“Құрметті чемпионатқа қатысушылар, қадірлі қонақтар мен әріптестер! Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – еліміздің экономикалық қуатын арттырып, еңбек адамының мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам. Мемлекет бизнес және білім беру ұйымдарының өзара тиімді әріптестігі арқылы заманауи өндіріс пен технологияға бейім, білікті кадрлар даярлау ісіне тың серпін беруде. “TurkicSkills” чемпионаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы достық пен кәсіби ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатын маңызды шара. Чемпионат жұмысшы мамандықтар жылы аясында “World skills international” ұйымының қолдауымен өткізілді. Бұл шара кәсіби білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді. Осы чемпионатты өткізуге қолдау білдірген Маңғыстау облысының әкімдігіне алғысымызды білдіреміз! Құрметті қатысышулар, бүгін чемпионат өз мәресіне жетіп, түркі әлемінің кәсіби шеберлерін бір алаңға тоғыстырды! Бүгін бастаған ортақ жолымыз алдағы чемпионаттарда да жалғасын тауып, түркітілдес елдердің бірлігін нығайта берсін”,- деді ҚР оқу-ағарту министрі Асылбек Ахметжанов.


TurkicSkills-2025 халықаралық чемпионаты аясында ҚР Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағының төрайымы Айгүл Мұкашева чемпионаттың ашылу салтанатында ең үздік деп танылған колледжге кәсіподақ ұйымы атынан 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы табысталатынын мәлімдеген еді. Чемпионаттың жабылу салтанатында бұл мәртебелі сыйақыға Маңғыстау туризм колледжі ие болды. Марапаттау рәсімінде жеңіс сыйлығын қабыл алу үшін колледж атынан “Аспаз ісі” құзыреттілігі бойынша чемпионатқа қатысушы студент Амантай Алтынбек сахнаға шығып, сыйақыны салтанатты түрде қабыл алды.


“Армысыздар, құрметті қонақтар мен қатысушылар! Бүгін – тарихи күн. Бүгін - маңғаз Маңғыстауда үлкен іс-шара өтіп жатыр. Бұл чемпионат - тек дүбірлі дода емес, бұл – бауырлас мемлекеттер арасындағы достықтың символы. Қатысушылар шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, өзара достық қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмастыра білді. Бұның барлығы Мемлекет басшысының бастамаларының арқасында орын алуда. Кеше ғана Әзірбайжан елінде Президентіміз түркітілдес ел басшыларымен кездесуде Маңғыстауда өтіп жатқан іс-шараларды тілге тиек етті. Барша қатысушыларға алғыс білдіремін! Бұл чемпионат - түбі бір түркі елі үшін үлкен жетістік“,-деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев. 


Айта кетейік, іс-шара соңында “TurkicSkills” туы Өзбекстан еліне салтанатты түрде табысталды. Бұл ту – түркі елдерінің ортақ мақсатының, достығы мен бауырластығының символы. 

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!