Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Таза Қазақстан»: Ақжігіт ауылында оқушыларға экологиялық тәрбие сағаты өтті

«Таза Қазақстан»: Ақжігіт ауылында оқушыларға экологиялық тәрбие сағаты өтті

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері мен «Сам орман шаруашылығы» мекемесінің мамандары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылындағы М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау мен сақтаудың ғылыми әрі тәжірибелік жолдарын түсіндіру болды.


Кездесу барысында оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау туралы танымдық дәріс оқылды. Балалар өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттың байлығы, сондай-ақ экологияның маңызы жайында тың әрі мазмұнды ақпараттармен танысты. Мамандар экологиялық мәселелердің қазіргі өзектілігі мен оны шешудің жолдары туралы нақты мысалдар келтіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.


Сонымен қатар, акция аясында мектеп оқушыларының қатысуымен мектеп ауласында сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл шара оқушыларды табиғатқа қамқорлықпен қарауға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға баулуды көздеді.


– Табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті. Қоғам болып қоршаған ортаға жанашырлықпен қарасақ қана, келер ұрпаққа таза әрі қауіпсіз экожүйе қалдыра аламыз. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – тек сенбілік өткізу емес, халықтың экологиялық санасын көтеру. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығы – тек мемлекеттің емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін оқушыларға ерте бастан ұғындыруымыз қажет, – деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы Мыңберген Қаратауов.

72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!