Болашағын ойлаған адам – ертеңге дайын адам

Қазір ел ішінде «несиесіз адам жоқ» деген сөз шындыққа айналып барады. Бірі баспанасын несиеге алған, екіншісі көлікке, енді бірі тұрмыстық техника мен тойға қарызданған. Бір қарызды екіншісімен жапқан күнделікті тірлік қалыпты жағдайға айналды.
Адамдар таңертең жұмысқа не үшін барады? Бірі бала-шағасын асырау үшін, бірі болашағына инвестиция жасау үшін, ал көбі — ай соңында төлемді жабу үшін. Тапқан табысымыздың көп бөлігі банкке қайтады. Қалған азын-аулақ ақша той-томалақ пен қонаққа кетеді.
Қазір той ауылда емес, қалада өтеді. Қаладағы той — бәсеке мен беделдің алаңы секілді. Тойға шақырылған адам да аз шығындалмайды: жолы бар, киімі бар, сыйлығы бар. Бір тойға барғанның өзі екі еселік шығын. Ал кей отбасылар қуанышты күнін несиеге атап өтеді. «Той – халықтың қазынасы» дейміз, бірақ бүгінгі той – қарыздың да көбею себебіне айналды.
Біз бір сәт ойланайықшы: неге осылай өмір сүріп жатырмыз?
Бар мәселе – қаржылық мәдениеттің төмендігі мен жинақтың жоқтығында. Қазақ баласы «жаман айтпай, жақсы жоқ» деп, келешегін ойлап сақтануды ырым санайды. Ал шын мәнінде, сақтандыру — қорқыныш емес, жауапкершілік.
Бір танысым айтқан еді: «Несиемді өтеп біткенде ғана тынышталармын» деп. Бірақ мен оған: «Сен кеткен соң, оны кім өтейді?» — деп сұрадым. Ол ойланып қалды. Несие тек адамның емес, отбасының жүгі. Егер несиесі бар адамға бірдеңе болса, ол қарыз міндетті түрде өтеледі, тек оны енді оның балалары төлейді. Сол бала не істейді? Оқиды ма, әлде қарыз өтей ме?
Міне, осы тұста жауап біреу ғана — өз өмірің мен табысыңа қамқор болу керек. Қаржы тұрақтылығы деген көп табыс табу емес, бар табысты тиімді пайдалану.
Мысалы, Халық-Life мекемесінің «Бәйтерек» бағдарламасы бар. Ол кәдімгі депозит сияқты жұмыс істейді: ай сайын аз-аздан жинақ жасайсың, бірақ сонымен бірге өмірің мен денсаулығың да қорғалады. Егер жарақат алсаң немесе ем қажет болса, мекеме емдеу шығынын өтейді. Ал егер адам өмірден өтсе, оның жинаған ақшасы толықтай отбасының атына беріледі. Бұл – жай шарт емес, өмірге деген қамқорлықтың нақты көрінісі.
Шетелдерде әр адам өзін сақтандыруды міндет деп біледі. Себебі олар болашаққа дайын болудың — еркін өмір сүрудің кепілі екенін түсінген. Ал бізде көбіне «құдай сақтасын» деген сөз бар, бірақ «сақтандыру» деген амал жоқ.
Болашақты ойлау – тек армандау емес, нақты әрекет ету. Табыс таба отырып, 10–20 пайызын жинаққа бағыттау – әр адам үшін маңызды әдетке айналуы тиіс. Себебі бұл – тек ақша емес, ертеңгі тыныштықтың кепілі.
Қарызсыз қоғам — бай қоғам емес, саналы қоғам. Өз қаржысын жоспарлай алған адам ғана отбасына тыныштық, баласына сенімді
болашақ бере алады. Өмірді сақтандыру – байлықтың емес, жауапкершіліктің белгісі.Болашағын ойлаған адам – ертеңге дайын адам.
М.ЖЕБЕҚЫЗЫ
