«Бекет ата – 275»: Тобықтыда Бекет ата жүлдесі үшін аламан бәйге басталды

Тобықты жерінде Пір Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына және оның ұстазы Шопан атаның рухына арналған астың аясында дүбірлі ат жарыс – аламан бәйге басталды.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жүйріктер әкелініп, сәйгүліктер сайысқа түсті. Аламан бәйге – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық спорттарының бірі, сонымен қатар елдің бірлігін, халықтың мерейін көтеретін айтулы дода.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйгенің жүлде қоры қомақты. Бас жүлдеге «Бекет ата жүлдесі» тапсырылып, жеңімпаз ат иелері бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлделерге ие болады.
Додаға жиналған жұртшылық бәйгенің қызық-қуанышына куә болып қана қоймай, астың рухани мазмұнына да ерекше мән беруде. Ат жарысы – тек шапқан аттың жүйріктігін емес, елдің дәстүрге деген құрметін де айшықтайды.
Аламан бәйге басталар алдында баба рухына тағзым жасалып, құран бағышталды. Бұл – Маңғыстау халқының өткенге деген ықыласының, аруаққа деген адалдығының белгісі.
