Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметкердің бағыт-бағдары

|
09.10.2025 09:52
Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметкердің бағыт-бағдары

Мемлекеттік қызмет – ел алдындағы абыройлы да жауапты міндет екені белгілі. Әрбір мемлекеттік қызметші халыққа адал қызмет етіп, ел мүддесін жеке бас пайдасынан биік қоятынына ант береді, деп жазады otpannews.kz.


Бұл жолда кәсіби біліммен қатар, мәдениет пен әдептілік те аса маңызды. Мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеті мен мінез-құлқын айқындайтын негізгі құжат – Әдеп кодексі.


Әдеп кодексінің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшінің әдебін қалыптастыру, қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту және халық сенімін арттыруға бағытталған. Бұл кодекс әрбір қызметкерден азаматтарға құрметпен қарауды, әріптестермен іскерлік қарым-қатынасты сақтауды, әділ шешім қабылдауды және сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінен бойын аулақ ұстауды талап етеді. Яғни, бұл қағидалар – жай ғана ереже емес, халық алдындағы адалдықтың айқын белгісі.


Кодекс мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметіндегі жолсерігі болуы тиіс. Жауапкершілік – қабылданған әр шешімнің артында адамның тағдыры бар екенін ұғыну; әділдік – барлық өтінішке тең қарау; адалдық – мемлекет пен халықтың игілігін жоғары қою; қызметтік мәдениет – сөйлеу әдебі мен ресми қатынасты сақтау. Осындай ұстанымдарды берік ұстанған қызметші қоғамда өзінің мәдениетімен де, кәсіби әдебімен де ерекшеленеді.


«Қоғам бүгінгі мемлекеттік қызметшіден тек заңды қатаң сақтауды емес, сонымен бірге жоғары адамгершілікті күтеді. Әдеп кодексі – осы талаптардың орындалуына берік негіз. Оны күнделікті орындау – халық сенімін нығайтудың, мемлекеттік қызметтің беделін арттырудың басты кепілі.

Әрбір азаматтың үніне құлақ асып, әділдікпен қызмет ететін мемлекеттік қызметші ғана ел дамуына адал үлес қосып, халықтың шынайы құрметіне бөлене алады», - дейді Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысы А.Бурмаков.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!