Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтаулық сарбаз әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

|
09.10.2025 14:38
Ақтаулық сарбаз әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

2025 жылғы 6–8 қазан аралығында Астанада ерлер мен әйелдер арасындағы жекпе-жек ұрыстан әлем кубогының финалы өтті. Ауқымды турнир Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналды. Бұл жарыста ҚР Ұлттық ұланының 3502-әскери бөлімі, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі, Ақтау қаласында әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Мансур Мимбулатов қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жекпе-жек ұрыста Мансұр Мимбулатов 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Спорттық шеберлігін көрсетіп, қорытынды есеп бойынша қола жүлдеге ие болды.


«Мен үшін Ұлттық ұланның халықаралық деңгейде танылуы – үлкен жетістік және үлкен жауапкершілік. Әрбір жекпе-жек мықты дайындық пен бірбеткейлікті қажет етеді. Маған сенім артып, қолдау білдірген баршаға үшін алғыс айтамын», – деді қатардағы жауынгер Мансур Мимбулатов.


«Батыс» өңірлік қолбасшылығы спортшыны жетістігімен құттықтап, оның нәтижесі жас әскери қызметшілер үшін табандылық, батылдық пен патриотизмнің лайықты үлгісі екенін атап өтті.


«Біздің ұландардың жеңісі – Ұлттық ұланның беделін нығайтып, жеке құрамды жаңа жетістіктерге шабыттандырады», - деді қолбасшылық өкілдері.


Айта кетейік, биылғы турнирге 15 елдің ұлттық құрамалары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, финал халықаралық ынтымақтастықты нығайтқан маңызды спорттық оқиға болды.

71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!