Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Бекет ата – 275 жыл»: Тобықтыда түйе палуандар сайысының жеңімпаздары марапатталды

|
05.10.2025 13:05
«Бекет ата – 275 жыл»: Тобықтыда түйе палуандар сайысының жеңімпаздары марапатталды

Тобықты жерінде Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына және рухани ұстазы Шопан атаның рухына арналған аста ұлттық спорт түрінен сайыстар өтті. Түйе палуан және гір көтеруден өткен сайыстың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Байрақты бәсекеде Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпаздары мен қазақ күресінен Азия және әлем чемпионатының жүлдегерлері бақ сынады. Маңғыстау, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе өңірінен келген барлығы 14 палуан белдесуге қатысты. Күрес аса тартысты өтіп, нәтижесінде 1 орын – Нұрдәулет Жарылғапов (Бейнеу), 2 орын – Сұңғат Закарияов (Атырау), 3 орын – Әлібек Сәрсенғалиев (Ақтау) және Қалмұханов Ғайса (Шетпе) иеленді. Жеңімпаздарға қомақты жүлде қоры табысталды – бірінші орынға – 2 миллион теңге, екінші орынға – 1 миллион теңге, үшінші орын алған екі спортшыға – 800 мың теңгеден берілді.


32 келілік гірді екі қолмен көтеру сайысына 10 спортшы қатысып, 1 орын – Оразалы Бектемірұлы (Шетпе), 2 орын – Мәлік Ахметов (Шетпе), 3 орын – Аманесен Бисенов (Жаңаөзен) және Бақытжан Советханов (Ақтау) иеленді. Жеңімпаздаға бірінші орында – 300 мың теңге, екінші орында – 200 мың теңге, үшінші орын иегерлеріне – 100 мың теңгеден табысталды.

231
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!