Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтау портында астықты экспортқа теміржолмен тасымалдау уақытша тоқтатылады

Ақтау портында астықты экспортқа теміржолмен тасымалдау уақытша тоқтатылады

«Қазақстан темір жолы» компаниясы 2025 жылдың 11–20 қазан аралығында еліміздің барлық теміржол станцияларынан Ақтау портына жөнелтілетін астық тиеген вагондарды қабылдауды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Порттағы астық терминалдарының толып кетуіне, 700-ден астам вагонның жиналып қалуына және тағы 140 вагонның жолда келе жатқанына, сондай-ақ кемелердің тұрақсыз қатынауына байланысты осындай шешім қабылданған.


Компания өкілдері жағдай реттелген соң шектеу алынып тасталатынын айтты.

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!