Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Кассациялық сот ақтаулық блогер Азамат Сарсенбаевты кінәсіз деп таныды

Кассациялық сот ақтаулық блогер Азамат Сарсенбаевты кінәсіз деп таныды

Бұған дейін otpannews.kz хабарлағандай, Азамат Сарсенбаевты Антикорға жала жапты деген айыппен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шыққан еді.


Блогер бұл айыппен келіспей, кассациялық шағым түсірген. Сол уақыттан бері бес ай өтті.


«Адвокаттарым Асылбек Болатбекұлы мен Серікбол Қалмұшев бастаған командамен бірге әділдікке қол жеткіздік! Маған сеніп, қолдау білдіргендердің бәріне рақмет!», — деп жазды Азамат Сарсенбаев.


Еске салайық, блогер Антикор қызметіне қатысты әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемелерінен кейін ұсталған болатын. Ол жазбасында Антикордың Ақтаудағы бір орынды «қорғаштайды» деген пікір білдірген. Осыған байланысты ведомство сотқа жүгініп, «жала жабу» бабы бойынша іс қозғалған.

28 мамырда сот Сарсенбаевты кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған. Ол кезде сот блогердің мемлекеттік органның ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіргенін айтқан еді.

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!