Маңғыстауда TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік халықаралық чемпионатында көрме өтіп жатыр

Маңғыстауда «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өтіп жатқан TurkicSkills 2025 кәсіби шеберлік халықаралық чемпионатында көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.
Чемпионатта жас мамандар өз шеберліктерін 10 құзыреттілік бойынша көрсетеді. Олардың қатарында IT-шешімдер, веб-технологиялар, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиялары, аспаздық іс, электрмонтаж жұмыстары және басқа да сұранысқа ие бағыттар бар. Осы бағыттарға сәйкес арнайы көрме жасақталған. Іс-шараға қатысушыларға мамандар әр құзыреттілік бойынша өз жұмыстарын көрсетіп жатыр.
TurkicSkills - түркітілдес мемлекеттері жастарын бір арнаға тоғыстыратын халықаралық алаң. Мұнда дағдылар экономикалық даму, инновация және бірліктің қозғаушы күші ретінде көрініс табады. Көрменің негізігі мақсаты - тұрғындарға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуын көрсету. Көрмеде жаңа технологиялар, өндірісте және кәсіпорындарда қолданылатын құрылғылар көрсетілген, - деді ҚР оқу ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Айта кетейік, чемпионатқа Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстаннан 70-ке жуық конкурсант пен 90 сарапшы қатысып жатыр.
178

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев