Маңғыстаулық кәсіпкерлерге экономикалық саясаттың мәселелері түсіндірілді

Ақтауда экономикалық саясаттың мәселелерін түсіндіру бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жиынға ҚР энергетика министрлігінің вице-министрі Санжар Жаркешов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР энергетика министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.
-Экономикалық саясаттың басты мақсаты – тұрақты өсімді қамтамасыз ету, бизнеске қолайлы орта қалыптастыру және халықтың өмір сапасын арттыру. Бұл бағытта мемлекет салықтық және қаржылық тетіктерді жетілдіріп, кәсіпкерлікті қолдауға басымдық беріп отыр. Сонымен қатар, тұтынушылар мен қызмет көрсетушілердің мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған тарифтік саясатқа да ерекше назар аударылады. Мемлекет тарифтік реттеу жүйесін кезең-кезеңімен жетілдіріп, инфрақұрылымды жаңғыртуға, инвестиция тартуға және кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға жағдай жасап отыр. Бұл ретте әлеуметтік әділеттілікті сақтау басты назарда, - деді ұйымдастырушылар.
Кездесу соңы сұрақ-жауап форматында өтті. Кәсіпкерлер жауаптыларға толғандырған сұрақтарын қойып, жауабын алды.
135






Комментарии
Комментарии
Нет комментариев