Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Бекет ата -275»: Тобықтыдағы астың екінші күнінде танымал тұлғалардың ойтолғауы өтті

«Бекет ата -275»: Тобықтыдағы астың екінші күнінде танымал тұлғалардың ойтолғауы өтті

Тобықты жерінде Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына және оның рухани ұстазы Шопан атаның рухына арналған астың екінші күні іс-шаралар танымал тұлғалардың ойтолғауымен жалғасып, танымал спикерлердің тағылымды әңгімелері айтылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бекет атамыздың 275 жылдық мерейтойына орай Маңғыстау өңірінде көптеген рухани, игілікті іс-шара өтіп келеді. Қыркүйек айында облысымызда Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстаннан келген ғалымдардың, сондай-ақ елімізге белгілі руханияттанушы ғалымдардың қатысуымен Пір Бекет атамыздың рухани жолына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын. Ал бүгін, міне, Тобықты жерінде Пір Бекет атамыз бен оның ұстазы Шопан атаның рухына арналған үлкен көлемде ас беріліп жатыр. Ас қабыл болсын, – деді асты ұйымдастырушылардың координаторы Марат Сибасов.


Ас шараның қонақтары Бекет атаның рухани жолы тек Маңғыстау өңірі үшін емес, бүкіл түркі әлемі үшін де аса құнды тарихи-мәдени мұра екенін атап өтті. Сондай-ақ қатысушылар тұлғаларды ұлықтау арқылы ұлттық сананың түп-тамыры тереңдей түсетінін, жас ұрпақтың тарихи танымы кеңіп, рухани ізденіске ұмтылатынын алға тартты.


Тағылымды шарада Бекет ата жүлдесі үшін аламан бәйге, қазақ күресі мен гір тасын көтеруден жарыс өтіп жатыр. Жиналғандар Бекет атаның елдікке сіңірген еңбегін еске алып, оның өнегелі өмірін жастарға үлгі етті.

167
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!