Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Таза Маңғыстау» экологиялық челленджіне қатысуға 76 тұрғын өтініш білдірді

|
23.10.2025 09:15
«Таза Маңғыстау» экологиялық челленджіне қатысуға 76 тұрғын өтініш білдірді

45 күн бойы жалғасатын «Таза Маңғыстау» челленджіне 76 өтініш түскен. Оның ішінде 43 жеке тұлға мен 33 топтық қатысушылар. «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының жоба жетекшісі Наталья Зоринаның айтуынша, ең белсенді қатысушылар – облыс жастары, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Ақтауда жалпы білім беретін 9 мектеп бұл бастаманы қолдаған. Ал Жаңаөзен қаласынан No5 гимназия мен №20 жалпы білім беретін мектеп челленджге қосылды. Түпқараған ауданынан Сайын Шапағатов атындағы гимназия мен Ақшұқыр мектеп-лицейі, Мұнайлы ауданынан No7 мектеп, Қарақия ауданынан No11 мектеп қосылды. Қатысушылар арасында Туризм колледжі, Н.Бекбосынов атындағы энергетикалық колледж, «Болашақ» колледжі, Жаңаөзен сервис және жаңа технологиялар колледжі мен Есенов университетінің студенттері мен оқытушылары да бар. 


Қатысушы оқу орындары мұғалімдер мен балалардан жасақ құрды, аралас топтар да бар. Отбасылар мен жекелеген тұрғындардан да келіп түскен өтініштер бар. Сондай-ақ, "Ғибрат Про" және "Жасыл мектеп" үкіметтік емес ұйымдарынан да қолдау көрсетілді. Облыстық балық шаруашылығы басқармасы да өз үлесін қосуда,- деді Наталья Зорина.


Әрбір қатысушы қоршаған ортаны сақтау үшін күнделікті қарапайым, бірақ маңызды қадамдар жасайды. Мектептер мен колледждерде балалар мен мұғалімдер өсімдіктерді баптап, қалдықтарды сұрыптайды, пластик бөтелкелердің қақпақтарын жинап, қоршаған ортаны ластаудың кері әсері туралы айтады, сондай-ақ смартфонсыз экологиялық өзгерістер жасап, сенбіліктерге қатысумен, ағаш отырғызумен айналысады. Ересек қатысушылар ойын алаңдары мен қоғамдық демалыс орындарын жақсартады, яғни сынған, бүліннген орындарды қалыпқа келтіреді. Бұдан бөлек аулалар мен зираттарды тазалап, жаңа, әрі пайдалы экологиялық әдеттерімен бөліседі. Олар барлық әрекеттерін @tazamangystau Instagram парақшасында жариялайды.


- «Таза Маңғыстау» челленджі – ұлттық идеяны практикалық, жергілікті әрекетке айналдырудың айқын мысалы. 10 күн ішінде белсенді қатысушылар аумақты тазартуға және ресурстарды сақтауға өз үлестерін қосып үлгерді. Қатысушылар көршілерін, әріптестерін және достарын шабыттандырды,- деп атап өтті «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ жоба жетекшісі Наталья Зорина.


Естеріңізге сала кетейік, челлендж 45 күнге жалғасып, жеңімпаздар 26 қараша белгілі болады. Жалпы жүлде қоры – 7 миллион теңге.

43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!