Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда Республика күніне орай 100 оқушы мемлекеттік Әнұранды орындады

|
23.10.2025 13:07
Ақтауда Республика күніне орай 100 оқушы мемлекеттік Әнұранды орындады
Бейнежазбадан скриншот

Ақтауда Республика күні мерекесіне орай Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік Әнұранды орындау рәсімі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz


Патриоттық бағыттағы бұл шараға облыс орталығындағы №12 орта мектептің 8-11 сыныптарында оқитын 100 оқушы қатысты. Рәсім қаладағы Ынтымақ алаңында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен елжандылық сезімін қалыптастыру, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін арттыруға бағытталған. 


Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ақпараттық-мониторингтік бөлімінің басшысы Дамира Ералиеваның айтуынша, мұндай іс-шаралар дәстүрге айналып келеді. 


«Республика күніне орай №12 орта мектептің 8–11 сынып оқушылары мемлекеттік Әнұранды Ынтымақ алаңында орындады. Мақсат – балалардың бойындағы патриоттық сезімді ояту, еліне деген сүйіспеншілікті арттыру. Бұған дейін де осындай шаралар ұйымдастырылған болатын», - деді ол.


№12 мектептің 10-сынып оқушысы Айнат Беркімбай бұл шараның өзін ерекше әсерге бөлегенін атап өтті. 


«Республика күні – мен үшін маңызды күн. Әнұранды орындағанда ерекше тебіреніс сезіндім. Бұл – еліміздің әр азаматының жүрегіндегі мереке. Біз азат елдің бақытты балалары екенімізді сезіндік. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнасын!» – деді жас патриот.


Республика күні – Қазақстанның мемлекеттілігін жаңғыртудың символы, ұлттық бірлікті нығайтып, елдің егемендігі мен тәуелсіздігін айшықтайтын маңызды мемлекеттік мереке. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпаққа ел тарихын қастерлеуді, Ту, Елтаңба мен Әнұран секілді мемлекеттік рәміздерге деген құрметті сіңіруге бағытталған.

31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!