Ақтауды тағы да түтін мен күйік иісі басты

Әлеуметтік желілер мен облыс әкімдігінің Telegram-арнасында Ақтау тұрғындары ауадағы өткір күйік иісіне жаппай шағымданып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 112 нөміріне Ақтау қаласы тұрғындарынан ауадағы ерекше иіске қатысты көптеген қоңырау түскен.
Соған қарамастан, департамент өкілдері облыс аумағында өрт немесе тұтану жағдайлары тіркелмегенін мәлімдеді.
«Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің мамандары Ақтау қаласының ауасынан сынама алу және күйік иісінің көзін анықтау үшін дер кезінде хабардар етілді», — делінген ТЖД хабарламасында.
Ал алдын ала болжам бойынша, жағымсыз иістің шығуына Атырау облысының Құрманғазы ауданында, «Жарқаса» каналына жақын маңдағы (шамамен 7 км) ашық аумақтағы қамыстың түтіні мен жануы себеп болуы мүмкін.
Жанып жатқан қамыстың жалпы ауданы шамамен 20 гектарды құрайды.
115

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев