Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда сурдокаратэ секциясы ашылды

|
22.10.2025 10:52
Ақтауда сурдокаратэ секциясы ашылды

1 қазаннан бастап Маңғыстау облыстық Мүгедектер спорт клубының жанынан есту қабілеті төмен және естімейтін балалар мен ересектерге арналған сурдокаратэ секциясы ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Сурдокаратэ — мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа мүмкіндік. Аталған үйірмеге осы күнге дейін 30 жасөспірім тіркеліп, каратэмен айналысуда. 


“Маңғыстау облыстық Мүгедектер спорт клубының басшысы, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Қожаев Ержан осы спорт клубына жаңа дем беріп, естуі нашар және мүлдем естімейтін балаларға арнап секция ашуға, оларға жаңа мүмкіндік сыйлауға жұмыстанды. Нәтижесінде секциямыз жандануда. Сурдокаратэге жазыламын деген әр адамға есігіміз – ашық, әр қатысушыны қолдауға дайынбыз”,- деді секция жаттықтырушысы Бекет Абдуллаев.
70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!