Ақтауда жыл соңына дейін аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға арналған орталық ашылады деп жоспарлануда

Бұл туралы Ақтауда өткен “Әлеуметтік қорғау жүйесі: халық игілігі жолындағы қызмет” дөңгелек үстелінде айтылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерескесі аясында өткен жиында үздіктер марапатталып, көрме ұйымдастырылды.
“Қазанның соңғы жексенбісі - әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі. Әлеуметтік қорғау жүйесінде облысымызда 700-ден астам адам жұмыс істейді. Оның ішінде облысқа қарасты 5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталық бар. Олар: балаларға, ересектерге және қарттарға арналған оңалту орталықтары”,- деді Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.
Кездесуде саланың дамуы және атқарылып жатқан жұмыстар мен “Еңбек” мобильдік орталығы арқылы азаматтарды жұмысқа орналастыру тақырыптары талқыланды.
“Бүгін біз қоғамның ең ізгі саласы – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің еңбегіне, мейірім мен жауапкершілікке толы мамандығына арналған дөңгелек үстел басына жиналып отырмыз.
Бұл бас қосудың басты мақсаты – әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасу, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік әділдікті насихаттау мен қамқорлық мәдениетін нығайту”,- деді Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрбол Телегенов.
Сондай-ақ мереке қарсаңында “Еңбек жолы” және “Парыз” республикалық конкурстарының өңірлік жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.
“Екі байқаудың да өңірлік кезеңі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталды. Осы байқаулардығ арнайы талаптары бар. Еңбек етуден аянбай, жұмысын тиянақты, әрі адал істейтін әр адам байқауда бақ сынай алады. “Еңбек жолы” конкурсында 3 аталым бар. Алғашқысы – “үздік еңбек әулеті”, яғни атадан балаға мұра болып, бірнеше ұрпақ бір салада қызмет ететін отбасыларға арналған байқау. Екіншісі – “үздік тәлімгер”, шәкірт дайындап, топқа қосқан, көпке өнеге болып жүрген ұстаздар қатыса алады. Байқаудың үшінші аталымы - “өндірістің үздік маманы”. Бұл аталым бойынша қатысушының еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс.
Ал “Парыз” конкурсы - кәсіпорындар арасында өтеді. Онда: үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын, еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын, үздік ұжымдық шарт және экологияға қосқан үлесі үшін атты номинациялар бар»,- деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Серікжан Колхозов.
98





Комментарии
Комментарии
Нет комментариев