Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысында Жағалау күзетінің жаңа кемесі салтанатты түрде іске қосылды

|
23.10.2025 13:39
Маңғыстау облысында Жағалау күзетінің жаңа кемесі салтанатты түрде іске қосылды

Бүгін, 23 қазанда Республика күні қарсаңында Ақтаудағы 20-кемелер айлағында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты Жағалау күзеті бірінші дивизионының «Семей» кіші күзет кемесіне ту көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Бауыржан Абсаматов, Ұлтық Қаусыздык Комитетінің Шекара қызметі Жағалау күзет басқармасының бастығы Талгат Туребаев, Қорғаныс министрлігі мен Әскери-теңіз күштерінің өкілдері, сондай-ақ шекара қызметінің ардагерлері қатысты.


Салтанатты рәсім барысында «Семей» шекаралық кемесіне мемлекеттік ту табысталып, теңіз дәстүріне сай «Ту көтеру» рәсімі өтті.


Өз құттықтау сөзінде аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай бұл оқиғаның жаңа кеме үшін ғана емес, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірдің әскери-экономикалық әлеуетін нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті.


"Семей" кемесі заманауи навигациялық жүйелермен, жоғары дәлдіктегі бақылау құрылғыларымен және күрделі жағдайда тиімді қызмет атқара алатын қару-жарақпен жабдықталған. Бұл – еліміздің теңіз шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама. Осы кемені құрастырып, жобалаған «Орал «Зенит» зауытының мамандарына алғыс айтамын. Шекарашыларға мықты денсаулық, табысты қызмет, бейбіт теңіз және ашық аспан тілеймін, – деді өңір басшысы.


Салтанатты іс-шара соңында қатысушылар кеме экипажымен және оның техникалық мүмкіндіктерімен танысты.


Айта кетейік, кеме Қазақстанның мемлекеттік шекарасы мен континенттік қайраңын күзетуге, заңсыз кеме қатынасын, контрабанданы және қарақшылықты болдырмауға арналған. Жоғары жылдамдықты дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған су көлігі тәулігіне 7-10 күн автономды жүзе алады. Қару-жарақ кешенінде 12,7 мм автоматтандырылған басқару жүйесі бар.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!