Дропперлікке қатысты 7 қылмыстық іс тіркелді

2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап дропперлікпен айналысатындарға қатысты жаңа ҚК-нің 232-1-бабы күшіне енді. Заң күшіне енген уақыттан бастап елде аталған бап бойынша 7 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Азаматтардың киберортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақша қаражатының заңсыз айналым арналарын тоқтату мақсатында «дропперлік», яғни өзінің банктік карталарын, шоттарын және өзге де төлем құралдарын сыйақы үшін үшінші тұлғаларға беру үшін енізілген қылмыстық жауаптылық енгізілді (жаңа ҚК-нің 232-1-бабы 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап күшіне енгізілді).
— Астана қаласында алаяққа Қазақстан Республикасының азаматынан ұрланған ақша қаражатын аудару үшін өзінің банктік шотының деректемелерін берген он жеті жасар жасөспірімге қатысты тергеу басталды. Алаяқтар уәде еткен сыйақы үшін ол енді жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін, — делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Осындай кері әсер өздерінің банктік шоттарын, соның ішінде өзге елден оларды қылмыстық схемаларда пайдалану үшін ұсынатын шет ел азаматтарына да қолданылады.
Дегенмен, Қылмыстық кодекстің 232-1-бабына ескертпеге сәйкес, құқыққа қайшы схемаға тартылған, бірақ бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлаған және қылмысты ашуға белсенді ықпал еткен адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
— Егер сіз бұрын шоттарыңызды үшінші тұлғаларға берген болсаңыз, құқыққа қарсы схемаларға ықтимал тартуды болдырмау үшін дереу банк бөлімшесіне хабарласыңыз немесе онлайн-банкинг арқылы картаны өз бетіңізше бұғаттаңыз, — делінген хабарламада.
