Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау боксшысы Семейде ел чемпионы атанды

|
22.10.2025 11:56
Маңғыстау боксшысы Семейде ел чемпионы атанды
Ашық дереккөзден

Маңғыстаулық боксшы Санатәлі Төлтаев Семейде аяқталған ел чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды otpannews.kz.


65 келіде сынға түскен спортшы финалда Алматы облысының өкілі Ертуған Зейнуллиновтен басым түсті. Осылайша ол ел біріншілігінің алтын жүлдесіне ие болды.


Айта кететін жайт, Санатәлі Төлтаев жартылай финалда Қостанай облысының өкілі Әбдіғалым Әбдікерімнен айласын асырған еді.


26 жастағы спортшы осылайша өз салмағында құраманың №1 боксшы атанды. Ол өткен жылы Қарағандыда өткен ҚР біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының құрамасы аталған чемпионаттан тек Төлтаевтың жүлдесімен оралды. 

69
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!