Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда педагогтер арасында республикалық конкурс басталды

|
21.10.2025 15:35
Маңғыстауда педагогтер арасында республикалық конкурс басталды

Ақтауда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық конкурс басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Конкурста еліміздің әр өңірінен келген үздік 9 қатысушы бақ сынайды. Олар стандарттарға сай тест және практикалық тапсырмаларды орындайды. 9 сарапшы қатысушыларға баға береді.


– Конкурсты ұйымдастырудағы басты мақсат - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашыл педагогтерін анықтау және қолдау, сондай-ақ сервис және қызмет көрсету саласында, оның ішінде «Цифрлық модельдеу» құзыреттілігі бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибені арттыру. Жеңімпаз атанған педагогтерге арнайы сертификаттар табысталады. Берілетін сертификат - педагогтердің алдағы жұмысына, өзін-өзі бағалауына, аттестациясына оң септігін тигізеді, - деді облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Талғат Утебаев.



Бұл конкурс – Қазақстанда сервис және қызмет көрсету саласын жаңғыртуға, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, цифрлық білім беру экожүйесін нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, жарыс 24 қазанға дейін жалғасады.

197
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!